Дубайда үнемі жаңбыр жауып тұратын көше пайда болды - видео

Дубайдың World Islands Heart of Europe топаралында орналасқан Cote d’Azur Monaco қонақүй кешенінде бір шақырымға созылған жыл бойы жаңбыр жауып тұратын көше пайда болды. Идея авторлары болашақта мұнда қар жауады деп жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ылғалды ауа райы мен жауын-шашын түсімі - таяу шығыс елдері үшін сирек кездесетін жағдай. Сол себепті Әмірліктер жауынды ғылым арқылы шақыруды жөн көрген. Бұл іске арабтар Германияның Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулер қауымдастығының ғалымдарын тартып, белгіленген аймақта жаңбыр жауғызды.

Жаяу жүргіншілерге арналған жол еуропалық стильде салынған. Жаңбыр жауудың деңгейі - сіркіреген жауыннан нөсерге дейін. Ерекше көшенді ойлап тапқандар орташа ауа райы +27 градус болатынын, ал теңізден соққан жылы желдің жылдамдығы сағатына 5 шақырымға жететінін айтады. Ауа райының ылғалдылығы - 60 пайыз.

"Жаңбыр көшесіне" екі әдіспен кіруге болады - курортты кешеннің тұрғыны болсаңыз тегін көре аласыз, ал бір күндік кіріп шығу билеті 300 дирхам (шамамен 36 мың теңге). Әзірге бұл кешенге атау берілмеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!