Дубайда суға түнде шомылуға рұқсат берілді және жайлы жағажайлар ашылды

Осы уақытқа дейін Дубайда суға түнде шомылу тек қымбат қонақүйлердің жеке жағажайында ғана мүмкін еді. Ал енді мамыр айынан бастап қарапайым туристер де түнгі уақытта суға түсе алатын болды. Бұл қаланың орталығындағы әрқайсы 800 метр ұзындыққа жайылған үш жағажайда рұқсат етілді, қауіпсіздік үшін мұнда жарық мұнарлары қойылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осы уақытқа дейін Дубайда суға түнде шомылу тек қымбат қонақүйлердің жеке жағажайында ғана мүмкін еді. Ал енді мамыр айынан бастап қарапайым туристер де түнгі уақытта суға түсе алатын болды. Бұл қаланың орталығындағы әрқайсы 800 метр ұзындыққа жайылған үш жағажайда рұқсат етілді, қауіпсіздік үшін мұнда жарық мұнарлары қойылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жағажайда суда өзін қалай ұстау керегі туралы ережелер трансляцияланатын экрандар да қойылған, онда қауіп (мысалы, медузалар) және ауа-райы туралы хабар беріледі. Туристердің қауіпсіздігін құтқарушылар мен полиция қадағалайды.

Реклама
Реклама

Осылайша, Дубай муниципалитеті туристерді барынша тартуға тырыспақ. Ал түнгі жағажайлар идеясы біраздан бері ойластырылып жүрді, өйткені күндізгі ыстықта ешкімнің далаға шыққысы жоқ. Оның үстіне түнде мейрамхана, кафе мен клубтардан қайтатындар көп, бұрын олар қараңғыда шомылып жүрсе, енді айыппұлдан қорықпай жайлы жағажайда рақаттана алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная