© pixabay.com © pixabay.com

Дубайда қонақүйлер мен мейрамханалардағы ойын-сауық бағдарламаларына тыйым салынды


Таяу Шығыстың сауда орталығы - Дубайда коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты ойын-сауық шаралары біршама уақытқа тоқтатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"21-22 қаңтар түн ортасында күшіне енген шешім денсаулық сақтау мекемелерінің COVID-19-дан емделуіне дайын болуын қамтамасыз етуге көмектеседі", - делінген Дубайдағы денсаулық сақтауды бақылау органының хабарламасында.

Дубай туризм департаменті коронавирусқа байланысты сақтық шараларын бұзудың көбеюін тіркегеннен кейін қонақүйлер мен мейрамханалардағы ойын-сауықтарды тоқтату туралы бұйрық шығарды.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі күнделікті жұқтыру жағдайы сәрсенбіде рекордтық 3506-ға жетті, бұл Парсы шығанағындағы ең жоғары көрсеткіш. БАӘ көптеген коронавирустық шектеулерді алып тастады, бірақ бәрібір қоғамдық және әлеуметтік қашықтықта маска режимін талап етеді.

Мемлекет иммундау науқанын наурыз айының соңына қарай көпшілігі шетелдіктер болып келетін тоғыз миллион тұрғынның 50 пайыздан астамын вакцинациялау енгізілді. Бүгінде елдің әрбір бесінші тұрғынына вакцина егілген.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.


Осыған ұқсас мақалалар

Үндістан билігі туристерге 15 көрнекті жерге барғандары үшін сыйлық уәде етті Үндістан билігі туристерге 15 көрнекті жерге барғандары үшін сыйлық уәде етті
Сауд Арабиясы жаңа бастамаға 3 миллиард доллар жұмсайды Сауд Арабиясы жаңа бастамаға 3 миллиард доллар жұмсайды
"Жұлдызды қорық". Коронавирусты ұмыттыратын 10 мекен "Жұлдызды қорық". Коронавирусты ұмыттыратын 10 мекен