Дубайда ерекше қонақүй салынады

Дубайда құны 5 миллиард доллар тұратын Ай мүсінінде Moon Dubai курорттық қонақүй салынады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Arabian Business сайтына сілтеме жасап.

Бірегей ғимаратты канадалық Moon World Resorts сәулет компаниясы жобалаған.

Қонақүйді 48 айда салуға болады деп болжанады. Оның жалпы биіктігі 224 метр болады және жылына 10 миллион келушілерді қабылдай алады.

Жоба авторлары Moon Dubai әмірліктің экономикасына қонақжайлылық, ойын-сауық, аттракциондар, білім, технология, қоршаған орта және тіпті ғарыштық туризм сияқты салаларда үлес қосады деп мәлімдейді.

Курорттың негізгі бағыты - сәулет, инженерия, дизайн және технология. Moon Dubai ғимаратында әртүрлі ғарыш агенттіктері мен олардың астронавтары үшін жаттығу алаңы болады деп хабарланған.

"Шамамен, 300 пәтер сатып алуға болады, ал иелері Айдағы эксклюзив жеке клубтың мүшесі болады", - деді жоба авторларының бірі Майкл Хендерсон.

Айға келген қонақтар СПА-ны және сауықтыру орталығын, түнгі клубты, іс-шаралар орталығын, бүкіл әлем бойынша жиналыс алаңын, демалыс бөлмесін және ішкі "ай кемесін" пайдалана алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!