Дубайда екі айдан кейін алып шолу дөңгелегі ашылады

Дубайда әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі Ain Dubai 2021 жылдың 21 қазанында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл шара ЕХРО-2020 көрмесі жұмысының бірінші айында өтеді деп жоспарланып отыр. Көрме 2021 жылдың 1 қазанында ашылады.

Биіктігі 250 м болатын доңғалақ көптеген туристің назарын аударады және БАӘ-ге келгенде міндетті түрде бару керек орын болады деп күтілуде.

Ain Dubai әлемдегі адам ең көп баратын лондондық London Eye-ден екі есе жоғары, оның биіктігі - 135 м (2000 жылы салынған).

Айн Дубай 2020 жылы Bluewaters аралында салынған. Панорамалық көрініс демалыссыз тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады.

Үлкен туристік нысанды салу үшін 11 мың тонна болат пайдаланылды – Эйфель мұнарасының құрылысына бұдан екі есе аз кеткен. Доңғалақ тұғырының биіктігі - 126 м.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!