Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа көрікті жері әлемдегі ең үлкен субұрқақ ретінде әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
"Пальма" субұрқағы 1,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан. Теңіз суының ағындары 105 метр биіктікке жетеді, ал жарықтандыру үш мың LED шамымен қамтамасыз етілген.
Ол Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен субұрқақ ретінде енген, осыған дейін бұл атаққа Оңтүстік Кореядағы "Банпо Ай кемпірқосақ" субұрқағы ие болған.
Фонтанның негізін қалаушы, Nakheel Malls активтерінің директоры Гейл Сангстердің айтуынша, ол жыл бойы көпшілікке ашық болады және әр 30 минут сайын музыкаға үш минуттық су қойылымдарын көрсетеді.