Дубайда әлемдегі ең биік панорамалық бассейн ашылды

Дубайда 360 градусқа қарайтын әлемдегі ең биік панорамалық бассейн пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Thenationalnews.com сайтына сілтеме жасап.

Aura skypool панорамалық бассейні 200 метр биіктікте орналасқан. Дизайны оның шексіздігі туралы әсер бере отырып, су толып, ағып кететіндей етіп жасалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AURA SKYPOOL Dubai (@auraskypooldubai)

Бүгінгі таңда бұл - 360 градусқа қарайтын әлемдегі ең биік панорамалық бассейн. Осы жерден Дубай, Парсы шығанағы, Пальма Джумейра аралы көрінеді. Сондай-ақ, Бурдж эль-Араб және Бурдж Халифаның аңызға айналған ғимараттары, БАӘ-дегі ең үлкен Ain Dubai шолу дөңгелегі көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AURA SKYPOOL Dubai (@auraskypooldubai)

Панорамалық бассейн 50-қабаттағы Palm Tower-де орналасқан. Террассаның ауданы - 750 шаршы метр. Күн төсеніштері бар бірнеше орын бар. Бағасы қонақтың қай аймақты таңдағанына және Дубайдың жаңа көрікті жеріне қай уақытта баруды шешетініне байланысты болады. Бағалар 170 дирхамнан басталады (шамамен 20 мың теңге). Aura орталығында қонақтарға жабық лаундж және ас мәзірі дайын бар қызмет көрсетеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!