Дубай: Шытырман оқиларға кезігу

Дубайға алғаш рет келсеңіз де, бұрын болып көрсеңіз де, әрқашан белсенді демалысқа қажет алуан түрлі қызықты іс-шаралар табылады. Экзотикалық түйелер бәйгесін тамашалап, тіпті шөл жерде құм төбе үстімен жүре аласыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дубайға алғаш рет келсеңіз де, бұрын болып көрсеңіз де, әрқашан белсенді демалысқа қажет алуан түрлі қызықты іс-шаралар табылады. Экзотикалық түйелер бәйгесін тамашалап, тіпті шөл жерде құм төбе үстімен жүре аласыз.

Егер жаныңыз белсенді және шытырман оқиғаларға толы демалыс қалап тұрса, Дубайдан артық жер таба алмайсыз. Біз осы көркем, әрдайым өзгеріс үстіндегі әмірліктің қаласына келетін қонақтарымыз үшін іс-шаралар тізімін әзірлеп бердік.

Реклама
Реклама

Шөлдегі сафари

Экстремалды демалысқа құмар жандар саяхатты шөлдегі сафариден бастағандары жөн. Джип мініп құм төбелермен жүру, квадрациклге, тіпті түйе міну, сэндбординг – осының барлығы адреналин деңгейін барынша арттырады.

Ерекше әсер алғанды, экстремалды туризмді ұнататын саяхатшылар үшін квадрацикл мініп құм төбелермен жүру ұмытылмас тәжірибе болары сөзсіз.

Квадрациклдерді жалға беретін компаниялар қуаты, көлемі, басқа да көрсеткіштері жағынан әр түрлі квадрацикл ұсынады. Тіпті екі адам отыратын квадрациклді жалға алсаңыз болады.

Ski Dubai шаңғы тебу кешені

Бір естігенде мүмкін емес болып көрінсе де, Дубайда шопинг жасап шаңғы тебуге болады екен. Ауданы 22500 шаршы метрді құрайтын Ski Dubai жабық шаңғы кешені Mall of the Emirates сауда орталығында орналасқан. Ski Dubai-да әр түрлі деңгейдегі шаңғы және сноуборд тректері, секіру және фристайл алаңдары, стритбол алаңы ұсынылған.

Курортта қонақтар үшін барлық жағдай жасалған: жабдықтар мен киім-кешектерді жалға алу, кәсіби инструкторлар, кафелер мен мейрамханалар, тіпті балаларға арналған коньки тебу және ойын алаңы.

Серфинг, виндсерфинг, кайтсерфинг

Дубайдағы Джумейра жағажайы әлемнің түкпір-түкпірінен келген серфинг әуесқойлары үшін танымал орынға айналды. Бұл қолайлы ауа-райының, мөлдір суы және әдемі пейзаждары бар үлкен толқындардың жанкүйерлері үшін нағыз жұмақ. Мұнда өзіңізді серфингте сынап көруге болады себебі жағажайда тәжірибелі нұсқаушылар сабақ беретін серфинг мектептері бар.

Виндсерфинг үшін Джумейраның шулы және адамға толып жатқан жағалауынан алыс орналасқан Әл-Мамзар жағажайы өте қолайлы. Желдің қатты соғып, теңіздің ашық болуының арқасында Әл-Мамзар виндсерфинг жанкүйерлерінің назарын аудартатын және осы спорт түрінен жарыс өткізілетін сүйікті орнына айналды.

Жағажайда сіз барлық қажетті жабдықты жалға алып, кәсіби нұсқаушылар өткізетін жаттығуларға қатыса аласыз.

Дубайда парашютпен секіру

Экстремалды спортты сүйетіндер үшін Дубай аты аңызға айналған Пальма Джумейра аралында немесе Араб шөлінде парашютпен секіруді ұсынады. Тәжірибесі бар адамдар жалғыз немесе біреумен жұптасып секірсе болады. Алғаш рет секіретіндерді нұсқаушылар ұшаққа аяқ баспай тұрып-ақ мұқият дайындайтындықтан, алаңдаудың қажеті жоқ.

Шөл үстінде әуе шарларына отыру

Шексіз Араб шөлінің үстінде әуе шарларында ұшу таңертең ерте басталады. Күннің атуын қарсы алып, әмірліктің табиғатын тамашалағыңыз келсе, онда әуе шарлары таптырмас шешім. 1200 метр биіктікте саяхатшылардың көз алдында шексіз құм төбелері, жайылып жүрген қарақұйрықтар мен маңғаз Хаджар таулары пайда болады.

Әуе шарларын ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ кез келген сұрақтарға жауап беретін тәжірибелі ұшқыш-гидтер басқарады. Ұшудан кейін сізге саяхатыңызды еске алу үшін фотосуреттер мен бейнелер беріледі.

Тікұшақпен серуендеу

Дубайдағы зәулім ғимараттардың көрінісін тамашалаудың дәстүрлі, бірақ әсері жағынан кем емес жолы – тікұшақ турлары. Ұшу уақыты әдеттегі 12 және 22 минуттан бір сағатқа дейін барады. Көбінесе қала қонақтары әйгілі Atlantis the Palm қонақ үйінің қону алаңын пайдаланады.

XLine Dubai Marina Зиплайны

Бұл әлемдегі ең ұзын қала ішіндегі зиплайн. Сіз Дубай Марина аймағындағы қымбат яхталар мен зәулім ғимараттардың үстімен 80 км/сағ жылдамдықпен ұшып, Марина сауда орталығының террасасына қонасыз. Ұшу 30 ұмытылмас секундқа созылады. Екі параллель жолдың арқасында біреумен жұптасып сырғанауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, сіздің сырғанағаныңыз дулығаға бекітілген GoPro камерасына HD форматында жазылады.

Скуба-дайвинг және снорклинг

Дубай су асты тіршілігіне қызығушылық білдіретін жандарға бейімделген күрделілігі деңгейі әр түрлі сансыз дайвингке арналған орын бар. Кейбірі жаңа үйреніп келе жатқандарға арналса, басқалары үңгірлер, су асты үңгірлер және кешенді рифтері бар тәжірибелі дайверлерге арналады.

Кэмпинг және су спортын сүйер қауымы қызығатын Moon Island аралы Дубайдан 70 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде дайверлер алуан теңіз тіршілік иелерін, шаяндарды, араб барракудалары және губанның түр-түрін кездестіруі мүмкін.

Джумейраның жанындағы Араб шығанағының суларында, тұтасқанат, тасбақалар, скумбриялар мен теңіз алабұғасын көре аласыз. Бірнеше жергілікті дайвинг орталықтары арнайы экскурсиялар, сондай-ақ жаңадан бастаушыларға арналған курстар ұйымдастырады, содан кейін PADI сертификатын алуға болады.

Дубайдың қасында Фуджейра Әмірлігі атты тағы бір қызық орын бар. Бұл жерде түрлі-түсті кораллдар арасында сан алуан экзотикалық балық мекендейді. Көпшілік арасында кең тараған дайвингке арналған орындарға Дибба жартасы, Мартини жартасы, Акула жартасы және 1980 жылдардың аяғында су басқан көптеген машиналардан жасалған ерекше жасанды риф «Көліктер зираты» жатады.

Deep Dive Dubai

Скуба-дайвингке әуес жандар үшін Дубайда тереңдігі 60.02 метр дайвингке арналған ең терең бассейн ашылған. Оның түбінде су астында ойнауға болатын үстел ойындары бар «су асты қаласы» орналасқан, одан басқа су астында түсірілім жүргізу үшін медиа-бөлмені жалға алуға, тіпті үйлену тойларын өткізуге болады.

Дубайдағы зорбинг

Экстремалды спортқа құмар жандарға зорбинг ұнауы тиіс. Ол яғни үлкен мөлдір шардың ішінде төбеден төмен қарай айналып түсу. Дубайда Хатта немесе Джумейра жағажайындағы арнайы жолда зорбингке қатыса аласыз, классикалық не судағы нұсқасын таңдауға болады.

Бұл спортқа балалар да, ересек адамдар да қатыса береді, және арнайы дайындық не дағды керек жоқ.

Тематикалық саябақтар және су парктері

Балалармен бірге саяхатқа шықсаңыз, Дубайда IMG Worlds of Adventure, Legoland Dubai, Motiongate Dubai сияқты тематикалық саябақтарда көптеген экстремалды ойын-сауық түрлері ұсынылған, онымен қоса Legoland Waterpark, Aquaventure, and Wild Wadi су парктері де бар.

Дубайда бұдан да көп ойын-сауық шаралары бар және олар сөзсіз саяхаттаушыларды өзінің алуантүрлілігімен қызықтырады: жағажайлар мен қызықты ойын-сауық бағдарламаларынан бастап, тағам талғағыштарын таң қалдыратын дүкендері мен ресторандарына дейін.

TengriTravel
Жарнамалық материал

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная