Дубай шетелдік туристерге арналған кіру ережелерін өзгертті

Дубай билігі шетелдік туристерге арналған кіру ережелерін жаңартты. Хаттамалардың жаңа нұсқасы 2021 жылдың 31 қаңтарында күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ATOP басылымына сілтеме жасап.

Ең басты өзгеріс ПТР тестін өткізу уақытына қатысты. Бұрын келушілерге материал жиналған сәттен бастап рейс кесте бойынша келгенге дейін 96 сағаттан аспайтын мерзімге теріс нәтиже беретін анықтама болуы керек болатын. Ал қазір, 2021 жылдың 31 қаңтарынан бастап ПТР сынағы ұшуға дейін 72 сағаттан аспауы керек. COVID-19 тестілері 12 жасқа дейінгі балалар үшін әлі де қажет емес және БАӘ азаматтарынан талап етілмейді.

Сонымен қатар, басқа елдерден келгенде де (сол елдердегі пандемиялық жағдайға байланысты) Дубайға келген кезде қосымша тест тапсыру қажет.

Дубайдың дағдарыстар мен апаттарды басқару жөніндегі жоғарғы комитетінің мәлімдемесінде айтылғандай, жедел тестілеу енді Дубайдың барлық әуежайларында өткізілетін болады. Осылайша, ПТР сынағын талап ететін елдерге ұшу рәсімі біршама жеңілдеді.