Дубай билігі ерекше курорт салуды жоспарлап отыр

Дубай билігі Aero деп аталатын курорт салғысы келеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вreaking Travel news сайтына сілтеме жасап.

Тігінен болатын Аera курорты Дубайдың ортасында жеке арал секілді салынбақ. Сәулеттің қоршаған ортаға әсері аз болады және көп орын алмайды.

Aеra жеті бөліктен: мейрамхана, өнер, сән, драма, БАҚ, wellness және отбасы бағыттарынан тұрады. Сыртқы беті мөлдір, мембрана тәріздес әртүрлі деңгейде орналасқан ағаштар мен өсімдіктерге толы интерьер болады.

Құрылысшылар жаяу жүргіншілер жолында көкөністер мен шөп өсіруге уәде береді. Кейін көкөністер курорттың мейрамханаларында бірден "фермадан үстелге" әкелінеді. Бассейні бар бақылау палубасы қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік береді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!