Соңғы бірнеше күнде Оңтүстік Калифорнияда соққан қатты жел қаладағы көлік қозғалысын тоқтатып, жарық бағанасының құлауы салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
The Sun басылымының мәліметінше, Санта-Анадан соққан қатты желдің салдарынан Диснейлендте шам бағанасы құлап, үш адам зардап шекті. 20 қарашада бір адам ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді, тағы екі адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Полиция сержанты Джон МакКлинтоктың айтуынша, бағана Анахайм саябағында таңғы сағат 8:30 шамасында құлаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тірек саябаққа негізгі кіреберістің дәл сыртында, Диснейлендтегі ту тұғырының жанындағы гүлзарда орналасқан.
Ойын-сауық саябағы келушілер үшін ашық және әдеттегідей жұмыс істейтіні атап өтілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!