Демалушыларға лық толы жағажайда акула адамдардың үрейін қашырды

Әлеуметтік желіде Сан-Андрес аралының жағалауында түсірілген видео таралып жатыр. Ондағы басты кейіпкер - балға тәріздес акула. Видеодан демалушылардың жыртқыштан қорқып, апыл-ғұпыл судан шығып жатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, видео өткен жұмада Спратт Байт жағажайында түсірілген. Гидроцикл мінген турист акулаға жақындап, оны қуып жібермек болады. Дәл осы сәт әртүрлі ракурстан түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Semanario El Extra (@semanarioelextra)

Coralina ұйымының өкілдері гидроцикл тізгіндеген адамның әрекетін сынға алды, олардың айтуынша, жыртқыштың бұл түрінен адамдарға қауіп жоқ екен. Олар тек манта скаттарына шабуыл жасайтын көрінеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!