Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

ДДҰ шілдеге дейін "Спутник V" вакцинасын мақұлдауы мүмкін


ДДҰ шілденің басында COVID-19-ға қарсы шұғыл қолдануға мақұлданған препараттар тізіміне енгізу үшін ресейлік "Спутник V" вакцинасын бағалауды аяқтауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы 3 мамырда Ұйымның бас директорының көмекшісі Марианжела Симао мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ДДҰ қызметкерлері "Спутник V" вакцинасының клиникалық және өндірістік тәжірибелерін зерттеп жатыр. Бұл шамамен бір айға созылады, содан кейін тиісті қорытынды жасалады.

"Біз толық құжаттаманы алғаннан кейін бұл вакцинаны техникалық сарапшылар тобы бағалай алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл маусымның соңында немесе шілденің басында болады деп жоспарлап отыр", - деп қорытындылады маман.




Осыған ұқсас мақалалар

Өзбекстанда Түркі кеңесі ұйымындағы әуе рейстерінің жұмысын жалғастыру мәселесі талқыланды Өзбекстанда Түркі кеңесі ұйымындағы әуе рейстерінің жұмысын жалғастыру мәселесі талқыланды
Түркияда 1 шілдеден бастап комендант сағаты тоқтатылады Түркияда 1 шілдеден бастап комендант сағаты тоқтатылады
IATA өкілдері азаматтық авиацияны қай елдер тез қалпына келтіретінін айтты IATA өкілдері азаматтық авиацияны қай елдер тез қалпына келтіретінін айтты