ДДҰ коронавирусқа қарсы вакциналардың әлсіз тұстарын атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен коронавирусқа қарсы вакциналардың кемшіліктерін айтты. Оның сұхбаты ұйымның Twitter-дегі парақшасына жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

О'Брайен сақтық шараларын вакцинациядан кейін де сақтау керегін ескертті, өйткені дүниежүзілік қауымдастық вакцинация адамды инфекциядан және оның таралуынан қорғай ала ма деген сұрақтың жауабын әлі білмейді. Қазіргі уақытта препараттар тек аурудан қорғайтыны дәлелденді. 

Вакциналардың тағы бір әлсіз тұсы - жас ерекшелігіне қарай кейбір топқа, атап айтқанда балаларға вакциналарды қалай қолдану керегі туралы ешқандай дәлел жоқ. ДДҰ өкілінің айтуынша, азаматтардың бұл санаты инфекцияны жұқтыру және басқа адамдарға тарату қаупі бар аймақта қала береді. 

"Сонымен қатар, әлемде барлық тұрғынды коронавирустан қорғау үшін вакцинаның көлемі жеткіліксіз, сондықтан бетперде тағып, қашықтықты сақтауды және қолды жиі жууды жалғастыра беру керек. Көптеген елде әлі де коронавирус кең тарап жатыр және сақтық шараларының ұзақтығы елдердің инфекцияны жеңу үшін не істей алатынына байланысты", - деп қорытындылады О'Брайен.

Бұған дейін ДДҰ вакцинация коронавирустың таралу қаупін азайтады деген ақпарат жоқ деп мәлімдеген болатын. Сондықтан фармацевтикалық емес шараларды, соның ішінде маска тағу, қашықтық сақтау, қолды жуу және тағы басқа ережелерді ұстану кергін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!