ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты

Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. Бұл туралы брифингте ДДСҰ  жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. Бұл туралы брифингте ДДСҰ  жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта препаратты мақұлдау туралы өтініш тоқтатылған. Бұл еуропалық реттеушінің өкілдері инспекция барысында Ресейдегі зауыттардың бірінде бірқатар өндірістік бұзушылықты анықтағаннан кейін орын алды.

"Sputnik V-ді төтенше жағдайларда (EUL) пайдалану үшін тізімге енгізу процесі тоқтатылды, өйткені вакцина жасалатын зауыттардың бірін тексеру кезінде оның тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес келмейтіні анықталды", - деп түсіндірді Ярбас Барбоса.

Реклама
Реклама

Бұл жерде фармкомпанияларға қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптарды – Good Manufacturing Practices (GMP) айтылған. Фармацевтикалық өнімдерді жасаумен айналысатын кәсіпорындар тиісті өндірістік практика стандарттарын ұстануға міндетті.

Директордың орынбасары сонымен қатар бұл процедура ресейлік тарап барлық белгіленген кемшіліктерді толығымен жойғаннан кейін ғана жалғасатынын айтты. Бұдан кейін ДДСҰ өкілдері тағы бір тексереді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная