ДДCҰ пандемия кезінде саяхат қауіпсіздігіне баға берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майк Райан коронавирустық пандемия кезіндегі саяхат қауіпсіздігін бағалады, - деп хабарлайды Reuters.

Ұйым өкілі COVID-19 тестілеуінің сапасы жоғарылауы қазір эпидемиологиялық тұрғыдан саяхатты қауіпсіз етті деп мәлімдеді. Ол қазір халықаралық сапарлар "салыстырмалы түрде қауіпсіз" болып, денсаулыққа "салыстырмалы түрде төмен қауіп" тудыратынын атап өтті. Алайда Райан қазір саяхатты толығымен қамтамасыз ету мүмкін емес екенін де жасырмады. 

Сонымен қатар, ДДСҰ өкілі қазіргі уақытта көптеген елдердің саяхаттан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайда мен саяхатшылардың инфекция жұқтыру мәселелері арасында ымыраға келуге мәжбүр екенін атап өтті.

2020 жылдың көктемінде көптеген елдер коронавирустық пандемияға байланысты шекараларды жауып, рейстерді тоқтатты. Туризм саласын қалпына келтіру тек жазда басталды, алайда Еуропадағы COVID-19 екінші толқынына байланысты кейбір елдерде саяхатшылар үшін шектеулер қайта жанданып жатыр.