Данияда автожолдар бойымен веложолақтар салуды жоспарлап отыр

Дания үкіметі елдегі велосипед инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "ЕвроПульс" басылымына сілтеме жасап.

Болжаммен 20 мемлекеттік автомагистральдің бойымен веложолақтар салынады. Сондай-ақ, екі дөңгелекті көлік құралымен жүргісі келетіндер үшін муниципалдық маңызы бар жолдардың бойында да веложолақтар пайда болады. Бұл жеңіл әрі қозғалтқышсыз көлік түрін тас жолдан алып тастауға және автокөліктермен соқтығысу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Данияда бүгінде 11 ұлттық веложолақтан тұратын жүйе бар. Олар қала сыртында орналасқан. Басты мақсаты - велотуризмді дамыту. Осы спорт түрін жақсы көретіндер үшін 12 мың шақырым арнайы жол салынған.