Дағыстан тауларында туристер жыныстық қатынасқа түсіп, жергілікті тұрғындарды ашуландырды

Дағыстан тұрғыны тауларда көліктің жанында жыныстық қатынасқа түскен туристерді байқап, оларды ұятқа қалдырды. Оқиға туралы ақпарат ВКонтакте желісіндегі "Только уличные драки" тобында жарияланды.

Дағыстанның азаматы тәртіп бұзушыларды видеоға түсіріп, интернетте болған жағдай туралы ақпарат таратты. Видеодан ашуланған ер адамның туристерге қалай жақындағанын және оларға дөрекі түрде ескерту жасайтынын көруге болады.

"Сіздер естеріңнен адастыңыздар ма? Сіздер қайда тұрғаныңызды білесіздер ме"- деп сұрады жергілікті тұрғын саяхатшылардан.

Көп ұзамай туристердің бірі өзінің әрекеті үшін кешірім сұрайтын видео пайда болды. Ол Дағыстанға алғаш рет келгенін және республикада "не істеуге болатынын және болмайтынын" білмегенін түсіндірді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!