Черногорияға Нұр-Сұлтан мен Алматыдан әуе рейстері ашылады

Черногорияның астанасына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тұрақты әуе рейстері 9 маусымда ашылады, - деп хабарлайды порталы Кaz.tengritravel.kz "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Черногорияның астанасы Подгорицаға рейстер Нұр-Сұлтаннан сәрсенбі мен сенбіде және Алматыдан бейсенбі мен жексенбі күндері ұшады. Жолаушыларды Airbus A321 LR тасымалдайды.

Әуекомпанияның жазғы кестесіне сәйкес, Нұр-Сұлтаннан рейстер сағат 09.00-де шығып, Подгорицаға сағат 10.55-те келеді, ал Подгорицадан сағат 12.00-де ұшып, Нұр-Сұлтанға сағат 21.20-да қонады. Алматыдан рейстер сағат 07.30-да шығып, Подгорицаға сағат 10.25-те келеді, Подгорицадан сағат 11.30-да ұшып, Алматыға 21.25-те қонады. Барлық рейсте жергілікті уақыт көрсетілген.

Жарналарды ескергенде екі жаққа билет құны: эконом-класта 263 200 теңгеден және бизнес-класта 763 000 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтарына Черногорияға қысқа мерзімге бару үшін виза талап етілмейді.

Жолаушыларға Черногорияға кіру үшін ұшуға дейін кемінде 72 сағат бұрын берілген теріс нәтижесі бар ПТР туралы анықтама болуы қажет. Анықтама 5 жасқа дейінгі балаларға, 30 күннен кешікпей берілген IgG антиденелеріне тестің оң нәтижесі бар жолаушыларға, сондай-ақ Черногорияда мақұлданған препараттармен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен жолаушыларға қажет емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!