Фото: Рixabay.com Фото: Рixabay.com

Черногорияда жазда жаңа әуекомпания ашылады


Черногория билігі ел азаматтарының 35 пайызына мамыр айының соңына дейін, яғни туристік маусым басталғанша екпе егіп, 1 маусымнан бастап жаңа ұлттық әуекомпания рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы экономикалық даму министрі Яков Милатович айтты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Ол скупщина (парламент) депутаттарына билік 2019 жылғыдай туристік ағымның 60-65 пайызына қол жеткізуді, яғни Черногорияға 2,6 миллион шетелдік қонақ келіп, 14,5 миллион түн өткізген нәтижені күтетінін айтты. Ал бұған эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы ықпал ететінін атап өтті.

"Біз мамырдың соңына дейін тұрғындардың 30-35 пайызын вакцинациялауды жоспарлап отырмыз", - деді Милатович.

Сондай-ақ депутаттар министрден жолаушыларды қандай әуекомпания тасымалдайтынын сұрады.

"ToMontenegro 1 маусымнан бастап жаңа рейстер ашады", - деп жауап берді ол.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды