Черногория туристер үшін ПТР-тестін алып тастады

Черногорияда туристерге міндетті коронавирусқа ПТР-тест нәтижесі теріс екенін дәлеледейтін құжатсыз елге кіруге рұқсат беретін болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елена Боровинич-Бойович айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "РТРС" басылымына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 22 желтоқсаны мен 11 қаңтар аралығында Черногорияда туристер үшін жаңажылдық каникул кезінде коронавирус инфекциясын таратпау үшін міндетті тест енгізген еді. 

Сондай-ақ, министр демалыс күндері халықаралық қозғалысқа рұқсат берілетінін айтты. Алайда қоғамдық орындарда юлиан күнтізбесі бойынша (14 қаңтарда) Жаңа жылды тойлауға тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындары әдеттегідей уақыт шектеулері (таңғы 07:00-ден түнгі 22:00-ге дейін) бойынша қала береді.