Бізге макарон жейтін және күніне 10 доллар жұмсайтын турист керек емес - министр мәлімдеме жасады

Жаңа Зеландияның туризм министрі Стюарт Нэш тек "жоғары сапалы" саяхатшыларды тартуға ниет білдіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Туристердің мақсатты аудиториясы туралы даулар әлемнің көптеген елінде жалғасуда. Атап айтқанда, коронавирус пандемиясынан кейін шекараны ашып, олардың кейбіреуі бюджеттік туристерден бас тартуға шешім қабылдады. Өйткені олардың пікірінше, жаппай, бірақ қалтасы жұқа туристік ағымның экономикаға пайдасы жоқ. Бұл үрдісті қолдау туралы Таиланд, Испания, Италия және басқа да бірқатар ел мәлімдеді.

Енді оларға алыс және экзотикалық Жаңа Зеландия қосылды. Туризм министрі арал мемлекетінде кімнің демалғанын қалайтынын бірнеше рет қайталады.

"Біз күніне 10 доллар жұмсайтын және асқазандарын макаронмен толтыратын туристерге назар аудармаймыз", - деді Стюарт Нэш.

Шенеуніктің айтуынша, Австралиямен Тасман теңізі арқылы бөлінген Жаңа Зеландияға бюджеттік туристерге назар аударудың қажеті жоқ, өйткені келушілердің бұл санаты көп ақша жұмсамайды және саяхат кезінде үнемді тамақтануға тырысады. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!