БҰҰ Түркияға 1 миллиард доллар жинауға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жойып, бес миллионнан аса адамға көмек көрсету үшін үш айдың ішінде бір миллиард доллар жинау керектігі туралы үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиналған ақша көмек ұйымдарына үкіметтің тұрғын үй, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласындағы қызметтерін жылдам кеңейтуге мүмкіндік беретіні айтылды.

"Түркия халқы айтып жеткізе алмайтын қайғыны бастан өткерді. Мен күйзеліске ұшыраған және күйреген оқиғаларымен бөліскен отбасыларды кездестірдім. Біз оларды қиын уақытта қолдап, қажетті қолдау көрсетуіміз керек", - деді Бас хатшының орынбасары Мартин Гриффитс.

Түркия үкіметінің мәліметінше, табиғи апаттан елдегі 9 миллионнан аса адам зардап шекті. Қайтыс болғандар саны 35 мыңнан асты, бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!