Бұрымды жиһанкез саяхат кезіндегі қиындықтар туралы айтты

Еуропада көлікпен саяхаттайтын тәжірибелі турист жолдағы жыныстық зорлық-зомбылық туралы айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.  

Дюссельдорфтың (Германия) 28 жастағы тұрғыны Сюзи Круз (Suri Cruz) үш жыл бұрын университеттегі оқуы мен даяшы болып істеген жұмысын тастап, саяхатқа аттанған. Жинаған ақшасына Volkswagen T3 фургонын сатып алған. Ішіне төсек қойып, ас үй жабдығын да кіргізген.

Круз өзінің шытырман оқиғалары туралы видео түсіріп, Youtube желісінде блог жүргізе бастаған. Онда ол Еуропаның ең әдемі және қызықты жерлерін көрсетеді. Сондай-ақ саяхатшы жолда қандай қиындықтар болып тұратынын ашық айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Namaste You Beautiful Soul. (@susicruzz)

"Жүйкем жұқарып, көлік апаты болған кездер болды. Бір рет сексуалды зорлық жасағысы келген адам да кездесті. Бірақ мен барлық сынаққа төтеп бердім және әрқашан саяхаттауды жалғастыра алатыныма сенімдімін", - деді Круз.

Үш жыл ішінде саяхатшы қыз иті Пеномен шамамен 31 мың мильді (шамамен 50 мың шақырым) көлікпен жүріп, он елді аралады. Енді Круз фургонымен АҚШ, Канада және Мексиканы аралуды жоспарлап отыр.

Ыңғайлы саяхат үшін қыз өз үйін күн панельдерімен, жылытқышпен және тоңазытқышпен де жабдықтап алған.

"Менің ұраным - "жай ғана іске асыр". Егер жаныңыз бір нәрсені қаласа, түйсігіңізге сеніңіз", - деп кеңес берді саяхатшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Namaste You Beautiful Soul. (@susicruzz)