Бұрсадағы 20 күмбезді Ұлы мешіт - фото

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Ыстамбұл және Бұрса қалаларында сапарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Ыстамбұл және Бұрса қалаларында сапарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркиядағы Рамазан айының тойлану дәстүрін, туризмін, түрік-осман мәдениеті мен ежелгі тағамдарын насихаттау мақсатындағы сапар Ыстамбұлдың тарихи, діни және туристік жерлерін аралаумен басталды.

Айта кетейік, Түркияға шақырылғандар қатарында Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның БАҚ өкілдері бар.

Реклама
Реклама

Түркиядағы сапардың үшінші күні түркі әлемінің мәдени астанасы саналатын Бұрса қаласында жалғасты. Бұрса - Анадолының солтүстік-батысындағы үлкен қала. Ол Түркияда Ыстамбұл, Анкара және Измирден кейінгі төртінші үлкен қала болып саналады.

Бір топ журналистің бұл қаладағы сапары түрік ағайындарға ғана емес, күллі мұсылманға таныс Ұлы мешіттен бастау алды.

Ұлы мешіт - селжұқ стилі әлі де үстемдік ететін ерте Османлы архитектурасының ескерткіші. Құрылыс 1396-1400 жылдар аралығында Сұлтан Баязид I, сәулетші Али Неджардың бұйрығымен жүргізілген.

Бұл мешіттің ерекшелігі - төрт қатардан тұратын 20 күмбезінің болуы. Бұл мешіт Никополь шайқасында (1396) халыққа салуға уәде етілген 20 мешіттің орнына салынды деген аңыз бар.

Мешіт үстінде екі мұнара көтерілген.

Мешіттің тағы бір ерекшелігі ғимарат ішінде намаз алдында дәрет алуға арналған субұрқағының болуы.

Субұрқақтың үстіндегі күмбезде ғимаратты жарықтандыруда маңызды рөл атқаратын үлкен терезе бар.

Мешіттің қабырғалары мен бағаналары Түркиядағы ислам каллиграфиясының көрнекті үлгісі болатын 192 жазумен безендірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная