Қонақүй индустриясының дамуы жалғасып келе жатыр. Дүние жүзінде қонақүйге келушілер мен бағасы өсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travelpulse.com сайтына сілтеме жасап.
HotStats зерттеуі қонақүй индустриясының көрсеткіштері жоғарылағанын дәлелдеді. Еуропадағы қонақүйлердің толу деңгейі өсуде, АҚШ-та пандемияға дейінгі деңгейге жақындап келеді, тіпті Қытайда да қайта жандана бастады.
АҚШ-та көрсеткіштер қаңтар-наурыз аралығында айтарлықтай өсті. Қазір нарық теңесе бастады, қонақүй индустриясының өнімділігі пандемияға дейінгі деңгейдің 10 пайызында және сарапшылар елдегі бұл статистика жоғарылауы мүмкін деп болжайды.
HotStats есебіне сәйкес, АҚШ-та мамырда қонақүй индустриясының жалпы кірісін бөлмелер санына және өлшенетін кезеңдегі күндер санына (RevPAR) бөлу арқылы есептелетін тиімділік көрсеткіші 227 долларға жетті. Бұл алдыңғы айдың деңгейіне сәйкес келеді, бірақ 2019 жылдың мамырына қарағанда 40 долларға аз.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!