Бішкекте шаурмадан уланғандар саны 71 адамға жетті

Фото: pexels.com

Қырғызстанда фаст-фудтан улананып, зардап шеккендер саны 71 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда фаст-фудтан улананып, зардап шеккендер саны 71 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Бішкекте Шу даңғылы мен Сүйімбаев көшесінің қиылысында орналасқан фаст-фуд сататын орындарда жаппай улану дерегі тіркелген. Уланудың себебі - шаурма.

Ведомство мәліметінше, 36 адам ауруханаға жатқызылған, олардың бесеуі - 10 мен 14 жас аралығындағы балалар.

Реклама
Реклама

"Жағдайлары жақсарған сайын кейбіреулері амбулаториялық емге жіберілуі мүмкін", - делінген ведомство мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная