"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга пандемия кезінде "Бішкектегі Манас әуежайының сұранысы жоғары болды" дегенге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Бұл пандемия кезінде басталды. Басқа елдер қозғалысқа шектеулер енгізген кезде Бішкек жаппады. Сондықтан адамдар Бішкек әуежайына көшті. Бірақ трафиктің жағдайын қарастырайық. Манастың негізгі ағымы - Ресей, 80 пайыз. Әуе билеттерінің бағасына қатысты айтар болсам, неге арзан екенін білмеймін. Оны әуекомпания бекітеді. Жолаушыларды бізде қалдыру үшін Алматыға халықаралық әуе желілерін тартуды жоспарлап отырмыз.
Манастың жағдайы уақытша. Қозғалыс шектеулерін алып тастағаннан кейін көп адам Алматы әуежайы арқылы саяхаттайтын болады", - деді ол.
Economist.kg мәліметінше, Манас халықаралық әуежайы Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Моңғолия, Иран, Ресей әуе рейстеріне және ішкі әуе рейстеріне қызмет көрсетеді. Туристер шетелге әуе билетінің құны Қазақстанның әуежайларына қарағанда әлдеқайда төмен екенін айтты.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!