Бразилиялық карнавал коронавирусқа байланысты өтпейтін болды

© pixabay.com

Рио-де-Жанейро биыл коронавирус пандемиясына байланысты әйгілі карнавалды өткізуден бас тартты. Бұл туралы қала мэрі Эдуарду Паес айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейро биыл коронавирус пандемиясына байланысты әйгілі карнавалды өткізуден бас тартты. Бұл туралы қала мэрі Эдуарду Паес айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

"Мен ешқашан каранавалға деген құмарлығымды жасырған емеспін және осы бір мәдени шараның біздің қаламызға экономикалық маңыздылығын да түсінемін. Алайда биыл шілдеде карнавал ұйымдастыру бассыздық болады деп ойлаймын", - деп жазды ол Тwitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Рио-де-Жанейро басшысы бұл шараны ұйымдастыру үшін үлкен дайындық керегін айтады. Сондай-ақ, ол карнавалды ұйымдастыруға тартылған ұйымдарға көмек көрсетуді тапсырды. 

2020 жылы қыркүйекте вакцина алу мәселесі толыққанды шешілмеуіне байланысты тәуелсіз самба мектептерінің лигасы карнавалды кейінге қалдыруды шешкен еді. Ол кезде ең тиімді уақыт 2021 жылы сәуір деп бекітілген еді. 

Әйгілі бразилиялық карнавал жыл сайын Рио-де-Жанейрода бес күнге созылатын. 2004 жылы ол әлемдегі ең ірі карнавал ретінде Гиннестер рекорды кітабына енген, ол кезде бір күнде 2 миллион адам қатысқан екен. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная