Бразилияда Риу-Гранди-ду-Сул штатының екі тұрғыны коронавирустың екі штамын бір уақытта жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Нову-Амбургу университетінің молекулалық микробиология зертханасының ғалымы Фернанду Спилканың айтуынша, екі науқас шамамен 30 жаста. Олар ауруды орташа және жеңіл өткерген. Әзірге мамандар науқастар ауру ағымын қаншалықты қауіпті өткеруі мүмкін екенін болжай алмай отыр.
Ғалымдардың пікірінше, олар SARS-CoV-2 екі түрлі штамын бір уақытта жұқтырмаған болуы мүмкін. Мамандар бұл жағдайға қарап, вирус жұқтырған адамдарды оқшаулаудың және әлеуметтік қашықтық шараларын ұстанудың маңызы зорын атап өтті.
Жалпы зерттеушілер штатта коронавирустың бес түрін анықтады, олардың арасында S-ақуызында мутациясы бар штамдар бар. Бірқатар сарапшының пікірінше, олар Қытайдың Ухань қаласында тіркелген вирустың түріне қарағанда әлдеқайда тез жұғады. Сонымен қатар, вирус қабығының құрылымындағы өзгерістер Оңтүстік Африка мен Бразилия штамдарына тән.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!