Бір апта ішінде ЕуроОдаққа 66 мың ресейлік келді

Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің (Frontex) мәліметінше, өткен аптада - 19-25 қыркүйек аралығында ЕО-ға 66 000-ға жуық ресейлік кірді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 30 пайызға көп, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

ЕО-ға кететін ресейліктердің саны, әсіресе, ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін өткен аптада өсті. Сонымен қатар, олардың көпшілігі ЕО-ға Финляндия және Эстония шекара өткелдері арқылы келді, деп жазады Schengenvisainfo. Тек Финляндияның өзінде соңғы аптада 30 000 ресейліктің өтінімі тіркелді. Frontex ЕО-ға кірген ресейліктердің көпшілігі ЕО-ға мүше мемлекеттерге тұруға рұқсат немесе виза алғанын, ал кейбіреуі қос азаматтық алғанын атап өтті. ЕО-ға мүше мемлекеттер Украина азаматтарының Ресей Федерациясы арқылы кіруі туралы да хабарлады.

Реклама
Реклама

Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының басынан бастап Ресейдің 1 303 000 азаматы Еуропалық Одаққа оның құрлық шекаралары арқылы кірді. Осы кезеңде Ресейге дәл сол жолмен 1 273 000 ресейлік оралды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!