Босфорда желдің салдарынан қозғалыс тоқтатылды

Босфор бұғазындағы кемелердің қозғалысы қатты желдің салдарынан тоқтатылды, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі Түркия Жағалау күзеті басқармасының өкіліне сілтеме жасап.

"Қатты желдің салдарынан екі бағытта да бұғаз жабылды", - деді агенттіктің сұхбатшысы.

Ол бұғаздағы қозғалыстың қайта басталу уақытын болжай алмады.

NTV телеарнасының мәліметінше, дәл сол себепті Turkish Airlines әуекомпаниясының алты ұшағы Ыстамбулға қона алмады және Анкара мен Измирге жіберілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!