2022 жылы Қазақстаннан Ыстамбұлға саяхаттау қанша тұрады?

Ыстамбұл саяхатшыларды жыл он екі ай қызықтырары сөзсіз, бірақ бұл әдемі қалаға қыркүйек айынан қазанның соңына дейін саяхаттап барсаңыз, осы уақыт ең керемет кезең деп айтуға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Еуропа мен Азия түйіскен ерекше қалаға саяхаттау кезінде қанша шығын шығатыны, қалай және нені үнемдеуге болатыны жайлы баяндайды.

Түркия қазақстандықтардың ерекше ұнататын туристік елі болып табылады. Мұны Қазақстаннан халықаралық рейстердің басым бөлігі сонда ұшатыны да растайды. Сондай-ақ, Стамбулға тікелей рейстер жетерлік. Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл (Turkish Airlines - жеті, Air Astana - жеті, Pegasus Airlines - екі); Алматы - Ыстамбұл (Turkish Airlines - 10, Pegasus Airlines - екі, Air Astana - 10); Түркістан - Ыстамбұл (Turkish Airlines - үш, FlyArystan - үш); Шымкент - Ыстамбұл (SCAT - екі, Pegasus - екі); Ақтау - Ыстамбұл (SCAT - үш, FlyArystan - бір, Turkish Airlines - үш); Ақтөбе - Ыстамбұл (SCAT - екі); Атырау - Ыстамбұл (Эйр Астана - екі, SCAT - бір).


©instagram.com/khizmetov 

Әрине, сіз Ыстамбұлға жолдама турмен бара аласыз, егер өз бетіңізше саяхатты жоспарлаған болсаңыз, біз осы жайлы баяндаймыз.

Түрік лирасы

Көпшілігі лираның бағамы тұрақсыз, елде инфляция жоғары деңгейде деп санайтыны анық. Сондықтан мақсатты түрде лираны тиімді бағада жеткілікті етіп, алдын-ала сатып алуға болады. Бүгінгі күні лираның теңгеге шаққандағы бағамы 1:26.60-ты құрайды.


© Shutterstock 

Түркияға жергілікті валютасыз барсаңыз, онда өзіңізбен доллар алып барып, айырбастап алғаныңыз тиімді болады.

Тұрғын үй

Ыстамбұл сияқты алып мегаполиске бару үшін тұратын орынды дұрыс таңдау өте маңызды. Бар болғаны 39 аудан бар, олардың 10-ға жуығын қауіпсіз туристік аудандар деп атауға болады. Егер сіз Ыстамбұлға алғаш келген болсаңыз, көптеген саяхатшылар оның еуропалық бөлігінде (мысалы, Фатих аймағында (Сұлтанахмет кварталы орналасқан) немесе Бейоғлыда (Таксим алаңы орналасқан)) тұруды ұсынады, егер сіз бұрын болған болсаңыз, азиялық бөлігінде тұруға болады, өйткені бұл аудандар туристік емес және бағалары негізінен төмен, мысалы, бұл Қадыкей немесе Үскүдар.

Үш жұлдызды қонақүйде бір күндік бөлмені орта есеппен 20 долларға (9546 теңге) жалға алуға болады. Әрине, бұл орташа бағасы. Бұл Анталия немесе Бодрум емес екенін есте сақтаңыз, толық пансион болмайды, өте қарапайым таңғы ас болуы мүмкін.

Айта кетсек, көптеген ірі туристік қалаларда ет жағындағы тұрғын үйлерді жалға алу арзанға түсері анық, бірақ Ыстамбұлда емес, мұнда ең заманауи бес жұлдызды қонақүйлер шет жағында орналасқан. Бірақ Сұлтанахметте сіз үш-төрт жұлдызды жайлы қонақүй таба аласыз.


© Shutterstock

Ақша үнемдегіңіз келсе, хостел іздеуге болады. Ыстамбұлда олардың саны аз. Қолайлы жерден төсек жалдау шамамен бес доллар тұрады.

Ыстамбұлда жалға берілетін пәтерлер көп. AirBnb-де сіз жақсы жерде орналасқан және шатырға шығуға болатын пәтер таба аласыз. Бағасы тәулігіне 30-50 еуро (14 745 - 24 576 теңге) болуы мүмкін.Такие могут стоить 30-50 евро (14 745 - 24 576 тенге) в сутки.

Ұялы байланыс

Ыстамбұлда ұялы байланыс қымбат. Тек үш оператор бар - Turkcell, Vodafone, Turk Telekom. Әуежайда, әрине, туристік сим-карта сатып алуға болады (сим-карта бағасы - 200 лира (5 315 теңге), ал тарифтік пакеті - 50 лира (1 328 теңге)), бірақ қонақүйдегі Wi-Fi-ды пайдалану тиімдірек болады.

Көлік қозғалысы

Стамбулда қоғамдық көлік жақсы дамыған. Туристерге метро, трамвай, фуникулер, метробус, электр пойыздары қызмет көрсетеді.

Жол ақысын төлеу үшін Istanbul Card қажет. Кепілдік жарна 14 лираны (372 теңге) құрайды, оны кейін картаны өткізіп, кері қайтаруға болады. Қаладағы автоматтарда, дүңгіршектерде сатылады. Картасыз көлікті пайдалана алмайсыз.


© Shutterstock 

Метро, фуникулёр, автобус, трамвай, аспалы жол, пароммен саяхат - 7,67 лира (203 теңге).
Егер сіз екі сағат ішінде басқа көлікке немесе басқа метро желісіне ауыссаңыз, бұл карта бойынша келесі жол жүру құны 5,49 лираны (146 теңге) құрайды. Екінші рет ауысып отыру - 4,17 лира (110 теңге), үшінші және одан кейінгілері - 2,63 лираны (70 теңге) құрайды.

Метробуспен жүру:

  • Бір аялдама - 5,49 лира (146 теңге),
  • Екі аялдама - 6,57 лира (175 теңге),
  • Үш аялдама - 7,67 лира (203 теңге),
  • Тоғыз аялдамаға дейін - 8,76 лира (228 теңге),
  • 15 аялдамаға дейін - 9,53 лира (253 теңге),
  • 21 аялдамаға дейін - 10,07 лира (268 теңге),
  • 27 аялдамаға дейін - 10,40 лира (276 теңге).

Мармарай метросының бағыттары:

  • Жеті аялдамаға дейін - 7,67 лира (204 теңге),
  • 14 аялдамаға дейін - 9,86 лира (262 теңге),
  • 21 аялдамаға дейін - 11,38 лира (302 теңге),
  • 28 аялдамаға дейін - 13,13 лира (349 теңге),
  • 35 аялдамаға дейін - 15,33 лира (407 теңге),
  • 43 аялдамаға дейін - 16,97 лира (451 теңге).

Жол жүру ақысын төлеу кезінде, құны станциялар санына байланысты келесідей болады: кірген кезде жол жүру құнының жоғары бағасы картада блокталады, шыққан кезде картаны терминалына қойсаңыз, қалған сумма картаға қайтарылады.

Тамақтану

Ыстамбұлда аш қалу мүлде мүмкін емес.

Тамақтану бағасын және басқасын мына жерден көре аласыз.


© Shutterstock 

Экскурсиялар

Айя-София мешіті, Сұлтанахмет, Гүлхане саябағы және Гранд базарды тегін аралауға болады.


© Shutterstock 

Сондай-ақ, Босфор бойымен жүретін теплоходтағы су экскурсиясын үнемдеуге болады. Трамваймен соңғы аялдама Kabatas-тан түсіп, қалалық паромға отырыңыз, ол үшін Istanbul Card-ты пирстегі терминалға қойып жолақысын төлеңіз. Паромдар жиі қатынайды, әр екі сағат сайын жүреді, әрі өте қолайлы.

Ыстамбұлда көптеген free-walking-турлар бар: бір, екі, үш. Одан да көп табуға болады, бірақ мыналарға ең жақсы пікірлер қалдырған.

Istanbul Tourist Pass бастапқыда қымбат болып көрінеді, бірақ оны барынша пайдалансаңыз, карта ақысына сай өтеледі.

Басқа да туристік карталар бар, мысалы, мұражайларға экскурсияға жазылу.

Пайдалы сілтемелер

Әуежайдан қонақүйге трансферді осы жерден брондауға болады.

Мына жерден сіз көлікті жалға ала аласыз.

Турлар мына жерде және мына жерде қолжетімді.

Ыстамбұлдың ресми туристік порталы.

Қалалық көліктің ресми сайты. Онда сіз жөнелту орнын (сіздің позицияңызды автоматты түрде анықтауға қолдау көрсетіледі) және межелі жерді көрсете аласыз және қоғамдық көліктердің барлық түрлерімен, соның ішінде тіпті долмуш деп аталатын микроавтобустарымен қалай жетудің барлық жолын таба аласыз.

Түсінгеніңіздей, түрлі-түсті ертегідей, ерекше қала сізді таң қалдырады. Бір күндік шығын әртүрлі болуы мүмкін, біреу шығынын 20 долларға (9 546 теңге) сыйғызса, біреуге тіпті жүз доллар да (47 732 теңге) жетпейді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.