Қытайлық Tibet Airlines әуекомпаниясына тиесілі (A319) жолаушылар ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетіп, өртенген. Қытайдың Чунцина халықаралық әуежайында болған оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ұшақ бортында 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Үш секундтық видеода ұшақтың сол жақ бөлігі қатты өртеніп жатқанын байқауға болады. Ұшақтан қашқан жолаушыларда өрт болған жерден бой тасалап жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, оқиға 12 мамырда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцина қаласының әуежайында болған. Лайнерде болған барлық жолаушылар эвакуацияланған. Өрт салдарынан 40-тан аса адам зардап шеккен. Дәрігерлердің айтуынша, барлығына қажетті көмек көрсетілген.