Air Asia әуекомпаниясының бортында жылан табылып, ұшақтың шұғыл қонуына себеп болды, - деп хабарлайды NPR.
"Air Asia бейсенбіде Куала-Лумпурдан Тавауға рейсте болған оқиғадан хабардар. Бас ұшқыш оқиғаны білгеннен кейін, ұшақ әуежайға дезинфекциялау және өңдеу үшін шұғыл қонды. Бұл кез келген рейсте болуы мүмкін өте сирек жағдай", - деді әуекомпанияның қауіпсіздік қызметінің бас қызметкері.
Компания қызметкерлері бауырмен жорғалаушының салонға қалай кіргенін біле алмады. Ол орындықтарға жетпеген, сондықтан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларға басқа борт беріліп, сол күні межелі жерге жеткені хабарланған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!