Бортсеріктер арбаға таңылған мүгедекті ұшақтан еңбектеп шығуға мәжбүр етті

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлыбританиялық лоукостердің (Jet2) бортсеріктері арбадағы қарт мүгедекке көмектесуден бас тартып, оны ұшақтан өздігінен шығуға мәжбүр етті. Бұл туралы Daily Mail жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық лоукостердің (Jet2) бортсеріктері арбадағы қарт мүгедекке көмектесуден бас тартып, оны ұшақтан өздігінен шығуға мәжбүр етті. Бұл туралы Daily Mail жазады.

64 жастағы Эллиот Пинсли әйелімен бірге Манчестерге ұшып келеді. Ер адам экипаж мүшелерінен ұшақтан шығуға көмектесуін өтінді, бірақ олар бас тартты. Бортсеріктер қауіпсіздік ережелеріне сілтеме жасады, оған сәйкес тек арнайы қызмет қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетуге құқылы. Jet2 өкілдерінің айтуынша, олардың келуін күту кем дегенде 1,5 сағатты алады.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде саяхатшы ұшақтан өздігінен шығуға мәжбүр болды. Ол қолымен орындықтардың артына жабысып шығады.

"Олар мені осылай мәжбүрлегенінен сене айлмаймын. Ұят", - деді ер адам.

"Ол үшін бұл тауға шығу немесе марафон өткізу сияқты еді. Ол өзінің мүгедектер арбасына жеткенше шаршады. Мен бортсеріктердің көмектеспегеніне сене алмадым", - деп ашуланды жұбайы.

Кейін тасымалдаушының баспасөз қызметі Пинслидің отбасынан кешірім сұрап, мәлімдеме жасады.

Басылымның мәліметінше, ер адам 2005 жылдан бері ауыр неврологиялық аурудан зардап шегеді, ал 2013 жылдан бастап ол тек мүгедектер арбасының көмегімен жүре алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная