Америкалық әуекомпанияның бортсерігі Андреа Фишбах экипаж мүшелерінің пікірінше ұшуға ең қолайлы киім-кешекті атады. Бұл туралы UK Yahoo Style басылымы жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Жолға киюге арналған киім ыңғайлы, қауіпсіз болуы керек.
"Мен қозғалысқа кедергі келтіретін киімді кимеуге кеңес беремін. Сіз өзіңізді мүмкіндігінше жайлы сезінуіңіз керек. Бұл ісіну мен қысылуға байланысты әртүрлі проблеманың алдын алады", - деді қыз.
Сонымен қатар, бортсерік ұзақ ұшу кезінде леггинстерді және қысқа шорттарды киюге болмайды деп мәлімдеді және барлық әуекомпания жолаушыларға көрпе бермейтінін атап өтті
"Біз ұшақта жиі суық болатынын білеміз, сондықтан тоңып қалу қаупі бар", - деп түсіндірді ол.
Фишбах ұшаққа биік өкше киіп отырмауды сұрады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!