Бортсерік ұшу кезінде ең қажетті заттарды атады

Жұмысы туралы әңгімелерімен әлеуметтік желілерде танымал болған америкалық бортсерік Кэт Камалани ұшу кезінде ең қажетті заттарды атады. Ол тәжірибесін TikTok желісінде бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бортсерік экипаж мүшесі ретінде алты жылдан аса уақыт бойы ұшып келе жатқанын және оның бірде-бір саяхаты аталған заттарсыз болмағанын түсіндірді. Камаланидің айтуынша, ол әуежайларда қымбат, дәмсіз түскі ас сатып алуға уақыт пен ақшаны ысырап етпеу үшін әрқашан жеке тамақ сөмкесін алып жүреді.

Ондағы суық температураны ұстап тұру үшін қыз дайындалған тағамдарды арнайы контейнерге салып, содан кейін оны мұзбен жауып қояды.

"Осылайша сіздің түскі асыңыз ұшу кезінде дайын болады", - деп түсіндірді ол.

@katkamalani

GAME CHANGER for traveling #traveltips #didyouknow #cantlivewithout #momsoftiktok

♬ Darling - Trees and Lucy

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!