Ұлыбританиялық әуекомпанияның бортсерігі Мигель Муноз ұшақтағы таңғаларлық оқиғалар туралы айтты. Оның жазбаларын Express сайты бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
29 жастағы Муноз төрт жылдан бері бортсерік болып жұмыс істейді. Бірде оның лайнері Софиядан Дублинге ұшады. Бір кезде үсті қанға боялған жолаушы бортқа кірген, бірақ өзі сондай сабырлы және сыпайы болған.
"Ол сөмкесін орындықтың үстіндегі сөреге қойып жатқанда шынтағынан қан тамды. Көмектесейін десем, көмегімнен бас тартты. Содан кейін мен бинтпен оның қолындағы қанын сүрттім. Себебі өміріне қауіп төне ме деп қорықтым", - деді бортсерік.
Алайда жолаушы жарақат алмаған, бірақ қан тоқтамаған. Содан кейін бортсерік экипаж командирін шақырған. Ол жолаушыдан сөмкесін ашуды өтінген. Сөйтсе сөмкесіне сойылған балапан салынған екен.
Саяхатшы мұндай жүкті әуежайдың қауіпсіздік қызметінен қалай өткізгенін айтпаса да, отбасы үшін ерекше болатынын атап өткен.
Ұлыбританиялық бортсерік тағы бір жағдайды еске алды. Ол ұшақта қасындағы орынға қорап қойып отырып алған әйелді байқап қалады. Содан кейін одан қорапты орындықтың астына немесе төбедегі сөреге салуды өтінеді. Ал әйел жылап, бұл орынға күйеуі отыратынын айтқан. Бортсерік онда қазір күйеуі отыруы үшін орынды босату керегін айтып, босатуын сұрайды. Жолаушы одан сайын қатты жылап, күйеуінің мүрдесін өртеп, күлін сол қораппен алып келе жатқанын жеткізген. Муноз оған көңіл айтып, қорапқа қатысты ештеңе демей кетіп қалған.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!