Бортсерік ұшақтағы жолаушының ең нашар түрін атады

Дэн Эйр - бортсерік және trolley Dolly Confessions компаниясының негізін қалаушы. Ол экипаж мүшесі ретінде қызметін жалғастыра отырып, мас жолаушыларды проблемалы саяхатшылардың қатарына жатқызды. Сондай-ақ, ол үйлену тойының алдындағы қыздар мен ер адамдардың бөлек жиналатын кешіне баратын жолаушыларды осы санатқа жатқызды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ештеңеге көңілі толмайтындар ең нашар жолаушылар деп танылуы керек. Мысалы, егер ұшақ ауа райына немесе техникалық проблемаларға байланысты кешіктірілсе немесе қалаған тағамдар мен сусындар таусылып қалса, біз тек осы мәселелер үшін кешірім сұрай аламыз. Бірақ біз оларды өзгерте алмаймыз және сіздің көңіліңіз үшін де жауап бере алмаймыз", - деді ол.

Бортсерік мұндай жолаушыларға кеңес берді.

"Ұшаққа отыруды армандайтын жандар көп, ал сіз бортта отырсыз. Сондықтан бір ойланып көріңіз", - деді ол.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!