Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Бортсерік ұшақтағы денсаулыққа қауіпті әрекеттерді атады


Бортсерік ұшақ бортындағы гигиенаға сай емес және денсаулыққа қауіпті бес әрекетті атады. Бұл туралы ол өзінің TikTok аккаунтында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ең алдымен, әуекомпания қызметкері ұшаққа отырарда қысқа шорты кимеуге кеңес берді. Оның айтуынша, орындықтар өте сирек тазартылады. Қаншама вирус болуы мүмкін.

Сонымен қатар, экипаж мүшесі иллюминаторды ұстағандағы микробтардың қаупін ескертті. Оның айтуынша, басқа жолаушылар да оның әйнегін ұстап кетеді. Дәл сол себепті блогер дәретханадағы су ағызу түймесін тек қолғаппен немесе майлықпен басуға кеңес берді.

Бортсерік ағзадағы сұйықтықтың тепе-теңдігін сақтау үшін ұшу кезінде су ішудің маңызын да еске салды.

Қорытындылай келе, сарапшы өзін нашар сезінген жағдайда экипаж мүшелерінен көмек сұрауға ұялмауға шақырды, өйткені үнсіз қалып, жағдайды қиындатып алуы мүмкін.

"Біз сізге көмектесу үшін келдік", - деп атап өтті видео авторы.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды