Бортсерік ұшақта тез ұйықтауға көмектесетін сусынды атады

Көрнекі сурет: pixabay.com

Әуе әуесқойлары түймедақ шайын әрқашан мәзірден таңдауы керек немесе ұшақта ұйықтағысы келсе, өзімен бірге бортқа апаруы керек. Таңдау туралы толығырақ Emirates әуекомпаниясының бортсерігі Лаура Гарсайд 9honey-ге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әуе әуесқойлары түймедақ шайын әрқашан мәзірден таңдауы керек немесе ұшақта ұйықтағысы келсе, өзімен бірге бортқа апаруы керек. Таңдау туралы толығырақ Emirates әуекомпаниясының бортсерігі Лаура Гарсайд 9honey-ге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Бортсеріктің айтуынша, егер алыс сапарларға қатысты айтар болсақ, түймедақ гүлінің шайы – ұшақтың салонында ұйықтауға тырысатын туристің ең жақсы таңдауы.

"Егер мүмкін болса, мен ұшу алдында ұйықтауды жоспарлауға тырысамын, сондықтан оған дайындалып, түймедақ шайын таңдаймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Әуежайдың көптеген дәмханасында түймедақ шайын таба аласыз немесе оны кейде стандартты қонақүй бөлмелерінде ұсынады. Алайда, оны ұшақта кездестіру екіталай, сондықтан сарапшының кеңесі шай пакеттерін өзіңізбен бірге алып, ыстық су сұрасаңыз болады.

Айта кетейік, түймедақ шайы көбінесе ұйықтауға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады, өйткені оның құрамында апигенин бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная