Әлеуметтік желіде Руша деген атпен тіркелген ресейлік танымал бортсерік жолаушыларға бортта темекі шеккенде не істеу керегін, қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, көрпе мен жастықтың тазалығы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.
"Егер сіз ұшақта темекі шегетін болсаңыз, айыппұл төлеуге дайын болыңыз және ешқашан темекінің тұқылын қоқыс шелегіне тастамаңыз. Онда қағаз бар, сондықтан күл салғышқа тастаңыз", - деп ескертті әуекомпания қызметкері.
Қағаз бар шелекке тасталған темекі тұқылы бортта өрт шығаруы мүмкін, сол себепті ұшақта күл салғыштар сақталған.
Сондай-ақ ол оқырманның "ұшудан кейін борттағы жамылғыларды ауыстырмайтыны рас па" деген сұрағына жауап берді.
"Иә, көрпелер де, жастықтар да жуылмайды, оларды әдемілеп бүктеп, келесі жолаушыларға береді", – деп растады бортсерік.
@ms_rusha01 Inst: ms_rusha за самые интересные вопросы, лайкаю ваши страницы
♬ оригинальный звук - ms_rusha01