Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Бортсерік ұшақта басылмауы керек түймені көрсетті


Ұшақта жолаушылар шақыру түймесін басса, экипаж мүшелері "ашулануы" мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше бұл түймені баспаған жөн. Бұл кеңесті америкалық бортсерік Кэт Камалани TikTok желісінде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ұшақ әуеге көтерілейін немесе қонайын деп жатқанда жолаушылардың осы түймені басқаны бізге ұнамайды. Себебі мұндай кезде біз құлап, жарақат алуымыз мүмкін. Бізге де, жолаушыларға да қауіпті. Егер қандай да бір шұғыл жағдай болмаса, біз бірден орнымызға ораламыз. Кейде мұндай шақыруға бірден келмейміз, кейін келеміз", - деді бортсерік.

Ол жолаушыларға "көрпе, су, құлаққап немесе тамақ" керек кезде бұл түймені баспауға кеңес берді. Себебі бірер уақыттан кейін бортсеріктер өздері таратады немесе салонға шығады,

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды