Бортсерік ұшақ жолаушысының 6,4 мың долларын ұрлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Полиция қызметкерлері Анталия – Мәскеу рейсінің жолаушысынан үлкен соманы ұрлап кеткен бортсерікті ұстады. Бұл туралы журналистерге РФ ІІМ көлік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


Полиция қызметкерлері Анталия – Мәскеу рейсінің жолаушысынан үлкен соманы ұрлап кеткен бортсерікті ұстады. Бұл туралы журналистерге РФ ІІМ көлік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам Шереметьевоға Анталия жағалауынан рейспен келген. Келгеннен бірнеше сағат өткен соң, ол әмиянның жоғалғанын анықтайды. Оның ішінде құжаттары мен бірнеше мың доллар қолма-қол ақшасы болған.

Әмиян ұшақта қалды деп болжаған азамат әуежай қызметкерлеріне жүгінеді. Аксессуар лайнердің салонынан табылғаны белгілі болады, бірақ онда 8,7 мың доллардың орнына 2,3 мың ғана қалды.

Нәтижесінде полиция іспен айналысады. Олар әмиян жоғалған күні рейсте жұмыс істеген бортсеріктердің бірін ұстайды. Қыз ұрлықты мойындайды. Оның айтуынша, ол шынымен ұшақтан әмиян табады, бірақ оны ұмытылған заттар бөлмесіне тапсырмас бұрын, оның ішін тексеріп, ақшаның бір бөлігін алады. Кейінірек бұл сома бортсеріктің пәтерін тінту кезінде табылды.

"Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін. Қазір іс бойынша айыпталушыға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп түсіндірді ІІМ өкілдері.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel