Бортсерік сапарға чемоданды дұрыс жинауға қатысты кеңес берді

Америкалық әуекомпанияның бортсерігі Кэт Камалани (Kat Kamalani) - әлеуметтік желілерде өзінің жұмысы туралы әңгімелерімен танымал. Ол TikTok аккаунтында сапарға чемоданды дұрыс жинау тәжірибесімен бөлісті, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Алдымен бортсерік ауыр заттарды сөмкенің түбіне қоюды ұсынды. Оның айтуынша, осылай салынған чемодан құламайды.

Сондай-ақ, қыз арнайы орауыш немесе заттар ыңғайлы салынатын қаптарды пайдалануға кеңес берді. Бұл қажетті затты оңай табуға және чемоданның жинақы тұруына көмектеседі.

Үшінші кеңес - моншақтарды жабысқақ пленкаға салу, оны қысып, бірнеше рет бүктеу. Сонда зергерлік бұйымдар сөмкеде шатасып жатпайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!