Бортсерік рейске кешігіп келген жағдайда не істеу керегін айтты

Америкалық әуекомпаниялардың бортсерігі Кэт Камалини (Kat Kamalani) рейске кешігіп қалған жағдайда жасалатын әрекеттерді атады. Бұл туралы ол Tik Tok аккаунтында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бортсерік егер ұшақ әлі де ұшу-қону жолағында тұрса, бірінші кезекте ұшаққа отырғызу алаңына бару керегін атап өтті. Оның айтуынша, лайнердің ұшу уақыты кешіктірілген болуы мүмкін, яғни кешігіп келген жолаушылардың бортқа үлгеру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, қыз егер турист рейске тіркелсе, бірақ кешігіп келсе, әуекомпанияның гейтте тұрған қызметкері басқа адамдарды ұшақта бос орындарға отырғыза алатынын айтты. Мысалы, билетті сатып алған және ұшпаған адамдар немесе қандай да бір себептермен осы бағытта жүру керек тасымалдаушының басқа қызметкерлері келмей қалса, солардың орнына отырғызуы мүмкін.

Сонымен қатар, бортсерік туристерге әуекомпания қызметкерлерімен сыпайы сөйлесу керегін еске салды. Олар жағдайды түсініп, көмектесуге тырысады.


Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!