Бортсерік неліктен ұшақта қысқа балақ киюге болмайтынын айтты

Жолаушылар салонындағы гигиенаға әрдайым көп көңіл бөлінетініне қарамастан, ұшақта инфекция жұқтыратын орын жеткілікті. Kaz.tengritravel.kz тілшісі жолаушылар өз саяхатын қалай қауіпсіз ете алатынын айтып береді.

Мұндай кеңесті бортсерік болып жұмыс істейтін Томми Чимато TikTok желісінде жариялады. Оның айтуынша, антисанитариялық жағдайға байланысты дәретханадағы жуу түймесін ешқашан ұстамаған дұрыс. Ол оның орнына майлықты қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ Томми ұшақта қысқа балақ кимеген жөн деп санайды. Өйткені түрлі микроб жұқтырып алуыңыз мүмкін.

"Егер шалбар киюге мүмкіндігіңіз болса, онда бұл дұрыс шешім болады. Себебі орындықта қанша инфекция жиналып қалады. Олар ерекше жағдайларда ғана тазартылады", - деді ол.

@tommycimato

##greenscreen ##fyp ##flightattendant ##vacation ##travel ##adventure ##flights

♬ Blue Blood - Heinz Kiessling & Various Artists

Оның оқырмандары "әр рейстен кейін ұшақ салоны тазаланады ма" деп сұрады. Томми "экипаж мүшелері салонды мүмкіндігінше тазартуға тырысады, бірақ кейде кез келген бөлігін байқамай қалуы мүмкін" деп жауап берді.

Сонымен қатар, бортсерік ағзадағы сұйықтықтың тепе-теңдігін сақтау үшін ұшу кезінде су ішудің маңызын еске салды. Ол өзін нашар сезінген жағдайда экипаж мүшелеріне көмек сұрауға ұялмауға да кеңес берді. Тағы иллюминатордағы микробтардың қаупі туралы ескертті, өйткені сізге дейін оны қанша жолаушы ұстағаны белгісіз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!