Бортсерік қысқа балақ киген қызды ұшақтан түсіремін деп қорқытты

АҚШ-та бортсерік жолаушының киімін тым ашық санап, оны ұшақтан шығарамын деп қорқытты. Sierrasteadman лақап аты бар қыз TikTok желісінде видео арқылы болған оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Саяхатшының айтуынша, Alaska Airlines әуекомпаниясының қызметкері ұшу кезінде оның жанына келіп, айғайлай бастаған. Жолаушы қысқа балақ киген. Содан кейін бортсерік егер ол үстін "жаппаса", рейстен шығарамын деп қорқытқан.

Роликтердің бірінде видео авторы маска мен капюшонды жауып, жылап тұрған бетін алып тастайды.

"Бортсерік сізді ұшақтағы бүкіл адамның көзінше масқаралап, киімің үшін шығарып жіберемін дегенде" - деп жазды ол. Сондай-ақ қыз өзін ешқашан былай ешкім масқараламағанын және ұялмағанын айтты.

@sierrasteadman

ive never felt more degraded, ashamed, embarrassed, angry or sad. F ALASKA AIRLINES!!!!!!! ##fyp

♬ yeastie girlz x tv girl - ??‍♀️?

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!