Бортсерік жолаушыларға ұшақта ковид жұқтырмаудың жолдарын айтты

Экипаж өкілдері британиялық Express газетінде ұшақта жолаушыларды қорғайтын "антиковид" шараларды ұсынды. Олар туристерді, біріншіден, бортсеріктердің талабын тыңдауға шақырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ең алдымен, бортсеріктерді тыңдау керек. Егер сізден маска тағуды сұрасақ, оны тағыңыз. Егер жолды босатуды және көп жиналмауды сұрасақ, мұны да орындауға тырысыңыз. Біз орныңыздан қозғалмауды және мүмкіндігінше салонда қозғалмауды сұрасақ, мұны да жасаңыз", - деді Dan Air компаниясының бортсерігі.

Оның айтуынша, әуекомпаниялар ұшақтың таза және дезинфекциялануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаса да, ол қашықтықты сақтау мүмкін емес жабық кеңістік болып қала береді.

"Біз сізден мұны сұраймыз деп айтқан кезде бізге сеніңіз, өйткені біз сізді ренжіткіміз келмейді. Біз мұны борттағы қызметіздің бір бөлігі - сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жасаймыз. Сіз маска киюге келісесіз бе, әлде COVID жалған деп ойлайсыз ба, маңызды емес. Біз жаһандық пандемияның ортасында тұрмыз, оны шешу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек", - дейді сарапшы.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!